Баянауыл ауданының әкімі

Қаратомар ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Ауданда жұмыспен қамту орталығында  жыл бойында 24 адам тіркеуде  болды,  оның 10-ы  тұрақты жұмысқа орналасты. Оның 2-і мектепке, 8-і МТС Жайма ЖШС-не, 10- адам маусымдық жұмысқа орналасты. 2-і «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының  бірінші бағыты бойынша жұмыс істеді, 8-і от жағушы ретінде жұмыс жасап жатыр.

  Атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұя жоқ.  Жарастық,  бірлігі биік ынтымақты  ауылымыздың  болашағы  жарқын екенін, бүгінгі  күнгі  жетістіктерімізден  өрбітуге болады.   Осы 2017 жылдың бірінші қаңтарына мал басының өсуі  төмендегідей: Ірі  қара-5210, О.і. сиырлар-2661, Қой мен ешкі-3149,о.і. аналығы-2556, Жылқы-422, О.і. биелер-165, Құстар,  тауықтар-1053.

        Округ аумағында төмендегі жұмыстар жыл  бойы жүргізілді.  Қолдағы  бар малдың  бәріне  тиісті  малдәрігерлік екпе  және  ауру малды анықтау, профилактикалық  іс-шаралар   толығымен  жүргізілді Қаратомар   ауылдық   округінде   12  шаруа  қожалығы  және 6  жеке кәсіпкер,  1 «МТС Жайма» ЖШС  береке  мен  молшылықтың  іргесін  қалауда.  Бұлар  егіншілік пен  мал шаруашылығын дамытуда. Кәсіптің әрқилығы  мен  шаруаны  жүргізудің  әртараптылығы  көрініс  беруде.

2016-2017  жылдың қыстауына  9390   тонна шөп,  сүрлем 9500 тонна, фураж 1290 тонна  жоспар бойынша дайындалды.

Қаратомар ауылының   тұрғындарының   ірі қара малдары, жылқылары   түгелдей   бағылады.  Қаратомар    ауылдық округінде орналасқан  асыл  тұқымды «МТС Жайма»  ЖШС-гі   2011 жылдан бері  «Инфрақұрылымы дамыған жалпы саны   7000  бас    асыл   тұқымды   қазақтың   ірі   қара   малын,  оның ішінде 2500 бас  аналықты  бір кезекте   ұстауға  арналған  мал шаруашылығы кешенін құру»   инвестициялық  жобасын  жүзеге   асыру  жұмыстарын  жүргізіп отыр.  2017   жылдың  1 қаңтарына   мал басы :  ірі қара 3585.     Жұмыс  істейтін  адам  саны 111 адам,  оның  ішінде  67  тұрақты,  44  маусымдық. МТС Жайма ЖШС  және  шаруа қожалықтар, жеке кәсіпкерлер   ауылдағы   мәдени-әлеуметтік  шараларға  ат салысып,  әрқашанда демеушілік жасап отырады.

Заманауи  үлгідегі  жаңа  үйлер бой көтеруде.  Тұрғындарға 1селолық дәрігерлік   амбулатория,  Белағашта   медпункт,  3 кітапхана, 1 мәдениет  үйі, 1 орта мектеп,  1 «Мөлдір» шағын   орталығы  жұмыс  істеп тұр.  Ауыл тұрғындары  толық телефон нүктелерімен қамтылған және ұялы байланыстарда бар  Актив, Биллайн.  Хабар, Қазақстан-1, Отау сандық теледидар  абоненттері  көбеюде.  Ауылда   интернет  желісі  спутник  арқылы  6  нүктесі  бар.  Тұрғындарға  3  дүкен  қызмет  көрсетеді.

Жаңа  2016-2017  оқу жылында 78 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 9  бала,  барлығы  87  бала  оқуға тартылған.  Мектеп оқушылары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған.  Оқуға тартылмаған  жасөспірім  жоқ.   Оқу  жылының   басында  2 жас маман   келді.  Мектепте 29  мұғалім  сабақ  береді. Оқытылмайтын  пәндер  жоқ.  Мектеп  оқушылары  98  пайыз   оқулықпен  қамтылған..  

Елбасы  «Ұлт   денсаулығы    біздің  табысты   болашағымыздың  негізі»  деп  денсаулық  саласына  үлкен  міндеттер  жүктеді. 

Ауыл  адамдары   жаз   айында  медициналық  қараудан  өтті.  Скрининг  бойынша   ауылға  1 рет  автопоезд  қызмет  көрсетті  оның  ішінде  УЗИ,  ЭКГ,  Лаборатория,  стомотолог т.б.  мамандар  болды.  Ересектер  тобы  100%  флюорографиядан  өтті.  Есепте тұрған адамдарға дәрі-дәрмектер электрондық   нұсқамен   рецептер  жазылып  дәрілермен  қамтамасыз етіледі.   Дүниеге  7  нәресте келді.  Мүгедектер   саны 6 адам. Медициналық   қызметкерлер  саны- 3. 1- дәрігер,  2-медбике.

Жылды  қорытындылай  келе ауылдық  округте 520 адам, Қаратомар ауылында 456 адам, Белағаш ауылында 64 адам тұрады.. Ауыл  әкімі аппаратының жұмысы жылдық және тоқсандық жоспарлар   бойынша   жүргізіледі. 

Тындырылған істер:                                                                                        

      - Мерзімді  баспасөзге жазылу толық  аяқталды.  Барлығы   465  дана газет,  журналдарға   жазылып,  жалпы   сомасы   844150  теңге.

      - Қаратомар ауылында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді.

      - Балалар шағын алаңы абаттандыру жұмыстары жүргізілді;

      - Безендірілген темір-бетонды қоршау абаттандыру жұмыстары жүргізілді;

      - Ауылдық дәрігерлік амбулотория ағымдағы жөндеуден өтті.

      - 7 адам  тракторшы мамандығы бойынша оқытылып, тракторшы жүргізу куәлігін алып, тұрақты жұмысқа орналасты.

Қараша  айында   аудан  тарапынан бөлінген  қатты отын көмір  ҰОС-ң  ардагері,  жалғыз   басты  қарт  адамдарға, тыл  еңбеккерлеріне,  1 және 3  топтағы   мүгедектерге,  көп   балалы   жалғыз   басты   аналарға   барлығы  20  отбасына  2-3 тоннадан   көмір   төгіліп  берілді. Жалпы  80 тонна.  Осы қатты отынды толық  көлемде жеткізіп, үй-үйге төккізіп берген  МТС Жайма ЖШС-ң директорына алғысымызды білдіреміз. 

        Біз, ауылдастарым ортақ мақсатқа жетуге өз үлесімізді қосамыз, жауапты сәтте  бірлігімізді сақтап,  еліміздің игілігі үшін аянбай  тер  төгуіміз  керек.  Біріміз – бәріміз   үшін,  бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, ерік-жігерлерімізді соған жұмылдырып, еңбек етуге  тиіспіз.  

        Қаратомар ауылдық  округінің  әкімі                                     А. Ксентаев 

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы