Баянауыл ауданының әкімі

Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Ауыл шаруашылығы:

Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі  мал шаруашылығы . Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарының   қара малы 5033 басқа, жылқы – 2193 басқа, қой-ешкі - 5491 басқа жеткен.  Ауылдық округте 31 шаруа қожалығы бар. Округтегі қара мал тұқымын асылдандыру бүгінгі бар малдың  47 пайызды құрап 1343 аналық басты қамтыды.

       Округ көлемінде күні бүгін 7797 мың қара мал басынан қан алынып нәтижесінде  86 бас  бруцуллез ауруына оң нәтиже берді. Ауру малдар мал дәрігерінің бақылауымен оқшауландырылып, жойылды. 11087 бас ұсақ мал бруцеллоз ауруна тексеріліп, оң нәтиже берген мал болған жоқ. 2100 бас жылқыға сібір жарасы ауруына қарсы егілді. Мал ауруларының алдын-алу мақсатында жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық жұмыстар жыл бойы жүргіліп отырды.

Әлеуметтік жағдай:

        Округте 2 мектеп, 1 Фап, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік полиция, 2 кітапхана, 1 мәдениет  үйі, 1 ауылдық клубы, 1 шағын  орталық, 4   сауда дүкені,  1 пошта бөлімшесі, 1 телефон байланысы бөлімшесі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау:

        Ауылдық округте денсаулық саласында 1 дәрігер, 3 медбике, 2 санитар, 1 жүргізуші, 1 пеш жағушы жұмыс істейді.            Жыл көлемінде  дәрігерлік қабылдауда - 2900 адам, оның ішінде  ауруы бойынша -453 адам, 14-49 жас аралығындағы әйелдер саны -141 адам,  0-15 жасқа дейінгі балалар саны - 258, жасөспірім саны- 39. Биылғы жылы округімізде 13 нәресте дүниеге келсе 3 адам қайтыс болған.  Ауылда   дәріхана  жұмыс істейді. 

       Биылғы жылы Ұзынбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу мақсатында 3,0 млн қаражат бөлінетін болады. Сонымен бірге Ақши ауылының дәрігерлік пунктіне 15,0 млн қаражат көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау жұмыстары жұмыстары жүргізілмек.

.Білім саласы:

Өткен 2015-2016 оқу жылында Е.Бекмаханов орта мектебінде білім сапасы  74,3 пайызды құрап, 109 оқушы білім алды. Мектеп жанындағы шағын «Балбөбек» орталығында 38 бала тәрбиеленеді. ҰБТ қорытындысы аудан бойынша 96 орташа бал алып 7 орынды иеленді. Е.Бекмаханов, Ақши мектептерінде тегін ыстық тамақпен  76  бала және ата-аналар есебінен 120 бала қамтылған,  ыстық тамақ бағасы бір балаға  200  теңгеден. Мектептердің жылу қазандықтары қалыпты жағыдайда жұмыс істеуде. Отын қоры жеткілікті.

Мәдениет саласы бойынша:

Ұзынбұлақ округінде 130 орындық бір мәдениет үй мен  120 орындық бір ауылдық клуб үйі жұмыс атқарады. Онда 4 мәдени қызметкер, 14 жұмысшы еңбек етеді. Жыл бойы мемлекеттік, ұлттық мерекелер мәдениет мекемелері қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. 

Биылғы жылы Ұзынбұлақ ауылында Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жанынан шағын футбол алаңы аббаттандырылып, пайдалануға берілді.

Қыркүйек айының соңында аудан атынан ауылдың шаруа қожылықтары, атап айтқанда; «Отан», «Бұқар жырау», «Азамат», «Кемел», «Ақтау», «Самал», «Бейбітшілік», «Алға», «Саятжан», «Бестөбе», «Дәрібай», «Бауыржан», «Аян», «Тұлпар», «Мейіржан», «Інжу», «Халел», «Нұрасыл», «Еділ»  Астана қаласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкеге ұйымшылдықпен қатынасты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жәрмеңкеге округ шаруа қожалықтары – 10 жылқы, 20 қара мал, 40 қой етін апарып, ойдағыдай саудалап қайтты. Осы орайда осынау саяси-экономикалық маңызы бар шараға белсене ат салысқан аталған шаруа қожалықтары басшыларына алғысымды білдіремін.     

  Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында  төмендегідей проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылып отыр:

        Олар: Ақши ауылындағы орта мектеп жанына шағын бала бақшасын ашқызу, ойын алаңын салғызу. Ұзынбұлақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу. Мәдениет үйінің сыртқы қас бетіне жөндеу жұмыстарын және қаржы мүмкіншілігіне қарай төбе жамылғысын айырбастау.  Округтегі 2 орта мектептің барлық есік терезелерін заманауи өнімдермен алмастыру, ішіндегі электр қуаты жүйесіне жөндеулер жүргізу, спорт зал еденінің тақтайларын айырбастау,  жылы әжетқаналармен жабдықтау жоспарымызда бар. Округтегі барлық мекемелерді ғаламтор жүйесіне қосу.    

         Ауылдық округі әкімі аппараты жыл бойы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын орындауда бірқатар жұмыстар атқарды.

      Ақши ауылында шағын орталық (бала бақшасы) салу мәселесі қаражат тапшылығына байланысты шешілмей келеді. Ақши клубының айналасы осы мекеме қызметкерлерінің күшімен ағаш шарбақпен қоршалды. Ақши ауылының дәрігерлік пунктіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық электр торабы бригадасы Ақши ауылындағы трансформаторға қарасты көшелер электр кернеуі қуатын қалыпты жағыдайға келтірді. Жылқы жайылымында суат жасау үшін терең ұңғымалы құдыққа су сорғыш пен электроқозғалтқыш сатып алынатын болды. «Бала Шідерті» өзенінен өткел жасау үшін аудан әкімінің қолдауымен 3 үлкен диаметрлі су өткізгіш трубалар өткел басына жеткізілді. Трубаларды өткелге орналастыру жұмыстары биылғы жылға жоспарлануда.    

       Округте ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Ұзынбұлақ ауылындағы 22 су алу колонкалары істеп тұр. 70 үйге ауыз су үйлеріне енгізілді. Су құбырынан ауыз пайдалану үшін тұрғындар аудандық «Серпіліс» коммуналдық шаруашылығымен шартқа отырғызылған.  Ақши ауылында су тұщыту-тазарту қондырғысы пайдаланылады.

       Жыл бойы ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды және олардың іске асуы үнемі назарда ұсталды.

                  Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі                                 А. Мұқанов

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы