Баянауыл ауданының әкімі

Шөптікөлауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Шөптікөл ауылдық округі үш елді мекеннен құрылған, олар ЦЭС, Шөптікөл, Сұлужон  ауылдары. Округте 697 тұрғын, оның ішінде 76 зейнеткер, 3 тыл ардагерлері, 8 алтын, 6 күміс алқасы бар аналар, 8 мүгедек, ІІ топтағысы – 3, ІІІ топтағысы -  5.  

Өткен жылы округтегі 2 мектеп, 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 2 кітапхана, 1 ауылдық клуб, 3 медициналық пункт, «КБМ» ауыз су құрылғысы қалыпты жағдайда  жұмыс атқарды.

Жыл бойы 35 адам тұрақты, 4 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Округ бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтамассыз етілген  отбасыларынан  38 оқушыға 321 мың теңге «Майкөбен-ВЕст» ЖШС, «Тайлор-S» ЖШС, аудан, округ мекемелерінің қызметкерлері демеушілігімен күзгі, қысқы киімдері және мектепке қажетті құрал - жабдықтары сатып әперілді. Жыл бойы 59 оқушы 2 млн 445 мың теңгеге ыстық тамақпен қамтылды, 10-ы ата аналар қорынан 32-і демеушілер есебінен тамақтанады.

Талдыкөл, «Майкөбен-Вест» ЖШС 19 отбасыға 5 тоннадан тегін көмір босатылды.

Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінде ұстаздар саны – 26. Оқушылар саны – 58. Өткен жылдың қараша айында мектеп аттестациядан өтті. «Балапан» шағын орталығында 2 тәрбиеші жұмыс істейді. 2 - арнаулы орта білімдері бар. «Балапан» шағын орталығында қазіргі уақытта ұзақ мерзімде 12 бала тәрбиеленуде. 2016 жылы жұмыс орынының босауына байланысты   жұмыссыздар есебінде тұрған 2 адам жұмысқа орналастырылды.

Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінде ұстаздар саны – 21. Оқушылар саны – 43. «Күншуақ» шағын орталығында 2 тәрбиеші жұмыс істейді. «Күншуақ» шағын орталығында қазіргі уақытта ұзақ мерзімде 20 бала тәрбиеленуде.

ҰБТ – білім сапасының көрсеткіші десек, биылғы оқу жылында бітірген 11 түлектің 9- і ҰБТ – ге қатысып, 3 оқушы мемлекеттік емтихан тапсырды. ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш 97,5 ұпай. 

ЦЭС ауылдық клубында барлығы 9 адам жұмыс істеді. Соның ішінде мәдениет қызметкері - 3, от жағушы – 2, еден жуушы – 1, жұмыскер – 2, есепші - 1. 2016 жылы ауылдық клубын жалпы қаржыландыру мөлшері 5 млн 583 мың теңгені құрады. “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы бойынша қазан – қараша айларында 9 млн 575 мың  теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Желтоқсан айында 2 компьютер, жиһаз жабдықтары алынды. Ауылдық мәдениет үйінде белгіленген жоспарлар бойынша мемлекеттік және атаулы даталар мерекелері, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2017 жылғы 1 қаңтарына ірі қара мал 1232 басты, қой 813 басты және жылқы 727 басты құрап отыр. Ауылдық округ аумағында  5 шаруа қожалық жұмыс істеп тұр. Сауда орындары – 4.

ҚР «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан түскен 20 өтініш түсіп, оларға жауап берілді.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 2016 жылы 103 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтің мерзімінің бұзылуы немесе шағым т.су фактілері болған жоқ.

             Шөптікөл ауылдық округінің әкімі                             Б.Б. Избастин

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы