Баянауыл ауданының әкімі

Торайғыр ауылдық округі әкімі аппаратының 2016 жыл бойы әлеуметтік -экономикалық салада атқарған жұмыстары туралы ауылдық округі әкімінің есептік кездесудегі ТЕЗИСІ

Ауылдық округтің құрамына 3 елді мекен кіреді, олар Торайғыр, Қызылшілік, Александровка. Территория аумағында 27 мал қыстақтары бар, Округімізде 244 отбасы, онда 1005 адам тұрады. 168 адам өз қарекетімен айналысушылар, 232 адам  бюджеттік мекемелермен  өндіріс саласында жұмыс  істейтіндер. 54 шаруа қожалықтары тіркелген. Студенттер саны 50. 129 зейнеткер, 55 алтын және күміс алқа иелері бар.      Ауылымызда 1 орта, 1 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, ауылдық дәрігерлік амбулатория, мед.пункт, мұражай,мәдениет үйі және 6 дүкен, 1 шағын наубайхана халық игілігіне қызмет  атқаруда.

         Биылғы  қысқа округ бойынша шаруа қожалықтары және жеке меншік аула иелері жылдағыдай өз күштерімен қысқы мал азығын, отын-шөбін дайындап алды.

         Бүгінгі күні округтегі 54 шаруа қожалығы және  жеке меншік аулалары иелігіндегі мал басына нақтылы санақ жүргізіліп, нәтижесінде 3305 бас ірі қара, оның ішінде 1835 бас аналығы, қой мен ешкі 5900 бас, оның ішінде аналығы 3565, жылқы 1630 бас, аналығы 748 басты құрады.

         С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі,  Қызылшілік бастауыш мектебі жыл бойына жоспарланған оқу-тәрбие жұмыстары өз дәрежесінде сапалы түрде жүргізілуде. Атаулы мерекелік іс-шаралар,оның ішінде Еліміздің Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өз дәрежесінде аталып өтілді. С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жылу жүйесінің қазандығына жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары шілде-қыркүйек айлары аралығында жүргізіліп  бюджеттен бөлінген 17505835.20 теңге қаражат толығымен игерілді

         Мәдениет үйі және С.Торайғыров атындағы мұражайында 18 адам жұмыс істейді. Ауылдық Мәдениет үйі ұжымының  ұйымдастыруымен атаулы мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылады.Былтырғы жылғы қараша – желтоқсан айлары аралығында ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсанында мәдениет үйі салтанатты түрде халық игілігіне жаңа келбетте есігін айқара ашты.Осы күрделі жұмыстарға 36241 мың теңге  қарастырылып толығымен игерілді.

«Жол картасы -  2020   бағдарламасы» шеңберінде Баянауыл – Торайғыр тас жолы бұрылысына Торайғыр ауылының белгісі орнатылды.

          Ауылдық округте 2 кітапхана бар.Кітапханаларда белгіленген жұмыс жоспары бойынша  мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде  аталып өтіледі.

     Ауылымызда1 дәрігерлік амбулатория, 1 мед.пункт бар. Денсаулық сақтау саласында 10 адам жұмыс істейді. Жоспарлы жұмыстар уақытылы атқарылып тұрады.2016 жылы туған балалар саны -15, қайтыс болғандар-7адам.Флюрографиядан өткендер-547. Жылжымалы флюкар және автопоезд белгіленген кесте бойынша өз жұмыстарын жүргізді.

Бюджеттік мекемелерге бөлінген көмір отындары уақытында жеткізіліп отырылуы нәтижесінде қазандықтары қыс   мезгілінде қалыпты жұмыс атқаруда.

      Халықтың салауатты өмір сүруі спортпен тығыз байланысты. Ауылымызда 2 спорт залы бар. Онда волейбол ,баскетбол ,қазақша  күрес ,үстел теннисі,шахмат,тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді.Нәтижесінде оқушылармен жастарымыз аудандық, облыстық және Республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде. Ауылдастарымыз аудандық спартакиадаға спорттың барлық түрінен белсене қатысады.

        2016 жылы малдәрігерлік сала бойынша ауылымызда 1 малдәрігерлік пункт меңгерушісі және 3 малдәрігері жұмыс істеді, бұлар қызметтік автокөлікпен және малдәрігерлік құрал-саймандармен қамтылған. Ауылшаруашылық малдарын жұқпалы аурулардан сақтандыру мақсатында диагностикалық және профилактикалық жұмыстар белгіленген жоспар бойынша жүргізілді.

         2016 жылдың басынан  жеке тұлғалардан келіп түскен  өтініштердің жалпы  саны-53, заңды тұлғалардан – 5,олардың барлығы уақытымен қаралып, жауап берілді. Ауылдық округі бойынша жасалған іс-шаралар  жоспары аясында азаматтармен заңды тұлғаларды жеке мәселемен жергілікті жерде қабылдау өткізу кестесі бекітіліп, әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 15-00, 17-00  аралығында  қабылдау  өткізіледі.

2016  жылы  орта есеппен аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 33  адам, оның 19-сі қоғамдық жұмыспенқамтылды. «Жол картасы - 2020 бағдарламасы» бойынша  13 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Жер және мүлік салықтары округ бойынша толық жиналып тапсырылды.

           Ауылымызда «Шоң би» мешіті рухани тұрғыда қызмет етеді. Мұнда діни мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады.Бұқаралық ақпарат құралдарына жазылу белгіленген жоспарға сәйкес толығымен 100 пайызға орындалды.

Көктемгі су тасқынында Александровка ауылынан Баянауыл- Павлодар  тас жолы бағытына шығатын сырттағы бұзылған ескі көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіліп қалпына келтірілді.

Аудан әкімдігі тарапынан әлеуметтік бағытқа  бөлінген 120 тонна көмір отыны 25 отбасына  2,5- 5,0 тонна көлемінде жеткізіліп берілді.Ауылымызда мемлекеттік бағдарламалар бойыншада жобалар іске асырылуда.

2017 жылға арналған жұмыс жоспарымда ауылымыздың көркеюіне  төмендегідей атқарылатын іс-шаралар белгіленіп отыр:

«Сары жайлау Капитал»  шаруа қожалығы жауапкерлігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығы кешенін құру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Атап айтсақ, 2016-2017 жылдары шағын консерві цехымен қымыз цехының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Ашылатын жұмыс орыны 10 бірлік.

        Елді мекендерді көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру   мақсатында төмендегідей жұмыстар жоспарланып отыр.

1. Ауылдық округі территориясын абаттандыруға 90 млн 685 мың тенге;

2. Елді мекен көшелерін жарықтандыруға 132 млн 424 мың тенге;

3. Елді мекен ішкі жолдарын жөңдеуге 205 млн 680 мың тенге;

4. Оқушыларды тасымалдауға жаңа автобус алуға 9млн 241 мың тенге

5. Ағымдағы жоспарланған мәдени іс-шаралар,т.б. жұмыстарды уақытымен атқару.

             Торайғыр ауылдық округінің әкімі                                 А. Абраров

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы