Баянауыл ауданының әкімі

Аудан әкімі Е.Н. Әйткеновтың аудан жұртшылығымен 2011 жылғы есептік кездесуде жасайтын баяндамасының қысқаша тезисі

2010 жылғы 15 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігінде «Ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің 2010 жылғы ауылдық округтер мен Майқайың кенті жұртшылығымен өткізген есептік кездесулерінде айтылған сұрақтар мен ұсыныстарды орындауға арналған іс-шаралар туралы» №22/2 қаулысы қабылданып, бақылауға алынған 25 сұрақтың іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Аудан әкімі өткізген 16 есептік кездесуде түскен 16 сұрақтың 14-і өз шешімін тапты. 2-еуінің орындалуы мерзімі 2011-2012 жылдарға ұзартылды. Олар: аудан орталығына - жаңа емхана, ықшам ауданға - балабақша салу мәселесін шешу  және Сәтбаев ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторына қызметтік автокөлік қажет.

Майқайың кенті мен ауылдық округтердің әкімдері барлығы 40 есептік кездесу өткізді.  9 сұрақ бақылауға алынып, белгіленген мерзіміне қарай шешілді.

1 сұрақ 2011 жылға белгіленді. Ол Шонай ауылына құбыр орнату мәселесі.

Бюджет.         2010 жылғы аудан бюджетінің түзетілген көлемі 2347,0 млн. теңге. Оның ішінде трансферттердің көлемі 76,8 % немесе 1802,8 (2009ж – 1359,4) млн. теңге, оның ішінде субвенциялар 1326,6 млн. теңгені құрады.

Аудан бюджеті кіріс жағы 2010 жылы жоспарланған 544,2 млн. теңгенің орнына 577,7 млн. теңгеге орындалды немесе 106,2 пайызды құрады. Бұл қарағанда 33,5 млн. теңгеге артық. 2009 жылы 524,5 млн. теңге жоспарланып, 545,4 млн. теңге орындалды. Биылғы көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 32,3 млн. теңгеге немесе 5,9% артық.

Аудан бюджетінің шығыс жағы 97,0 пайызға немесе жоспарланған

2379,2 млн. теңгенің орнына 2309,0 млн. теңгеге игерілді. Ал 2009 жылы 1943,3 млн. теңге жоспарланып, 1916,9 млн. теңге орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 392,1 млн. теңгеге немесе 20,5% артық.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2010 жылы қолданыстағы бағамен 9061,3 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 130,6% құрады.

Ауданда 1 ет өнімдерін шығаратын кәсіпорын, 5 нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіпорын, 1 шағын диірмен жұмыс істейді. 2010 жылы 330,0 (2009 жылғы сәйкес кезеңде – 328,0) тонна нан-тоқаш өнімдері, 3,3 (2009 жылы - 3,3) тонна кондитерлік өнімдері, «Табыс» ШҚ-да 65,0 тонна (2009 жылы – 1,0 тонна) ет тартылды. «МТС Жайма» ЖШС  шағын диірменінде 60,0 (2009 жылы – 40,0) тонна ұн өндірілді.

Ауыл шаруашылығы. 2010 жылы аудан бойынша дәнді дақылдар алқаптарының жалпы көлемі – 2860га, оның ішінде: бидай - 1760га, арпа – 1000 га, сұлы – 100 га. Сонымен қатар,  картоп – 210 га, күнбағыс – 240га, көкөністер – 40 га жерге себілді. 2010 жылы бастырылған астық көлемі – 1673 тонна, өнімділігі 5,8цн/га (2009 жылы – 1936 тонна және 5,5 цн/га), оның ішінде бидай – 1133 тонна, арпа – 481 тонна (2009ж - 288тн), сұлы – 59 тонна (2009ж - 53тн). Өндірілген картоп  көлемі – 2650 тонна, өнімділігі-126цн/га (2009 жылы – 2400 тонна және 120 цн/га), көкөністер - 620тонна, өнімділігі - 155цн/га (2009 жылы – 520 тонна, 130цн/га).

Үкімет қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес егін салатын 7 шаруашылыққа жалпы сомасы 1 520 680 теңге даму қаржы (субсидия) төленді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, бағаны тұрақтандыру, тұрғындарды сапалы мал өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында арнайы кесте бойынша Екібастұз қаласында шаруашылық құрылымдарының қатысуымен  жәрмеңке өткізіліп келеді.

Мал тұқымын асылдандыру жұмысы да жоспар бойынша жүргізілуде.

2007 жылы қосымша 2 ауылдық округте малды қолдан ұрықтандыру орны ашылды.

2010 жылы аудан бойынша қолдан ұрықтандыратын 4 орында 506 бас сиыр ұрықтандырылды.

Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойын өсірумен айналысатын Ж.Аймауытов атындағы ЖШС-гі және асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын өсіретін

«МТС Жайма» ЖШС-гі жұмыс істейді. 2010 жылы «Оразбек» ШҚ қазақтың ақ бас сиырын өсірумен айналысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алды.

Ірі қара малды бордақылап,  ет өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатындағы бағдарламаға биыл да шаруашылықтар қатысып, 136 тонна ет өндіріп, оларға 12 млн теңге демеу қаржы алды

Ауданның ауылдық округтерінде мал сою орындарын салу жұмыстары қолға алынып, 13 ауылдық округте ашылды.

2010 жылы ветеринария саласы бойынша эпизоотияға қарсы і-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен 27931,0 мың теңге бөлінді. 19 кәсіпкермен келісім-шарт жасалып,  26289,0 мың теңге игерілді (94 %).

8 шаруа қожалығымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Баянауыл» ауылдық несие серіктестігі арқылы шаруашылықтарын дамытуға

16,1 млн. теңге несие алынды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 48 адам қосалқы шаруашылығын дамытуға 27 млн. теңге несие алды.

2011 жылдың 1 қаңтарында өткен жылмен  салыстырғанда ірі қара мал басы – 3,0 %-ға, жылқы басы – 2,0%, қой мен ешкі басы - 2,0 %-ға өскен:

ірі қара 62200 бас, соның ішінде сиыр 22053 бас,

қой мен ешкі 133740 бас, соның ішінде аналығы 75047 бас,

жылқы 14827 бас, соның ішінде бие 5886 бас,

құс 25345 бас, соның ішінде мекиені -17000 бас,

шошқа 343, соның ішінде аналығы -60 бас болды.

Бір сиырға шаққандағы орташа күндік сауылған сүт 3,0 (2009ж.- 3,0) кг, ал 1 сиырға шаққандағы жалпы сауылған сүт 1660 (2009ж.- 1647) кг құрады.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда аудан бойынша мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі байқалады.

Аудан бойынша 2010 жылы тірі салмақта 8521,8 (2009ж. – 8313,7) тонна ет өндірілген, ет өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға артық. 2010 жылы сауылған сүттің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артып, 35288,8 (2009ж – 34760,5) тоннаны, қымыздың көлемі 18,6 (2009ж – 17,2) тоннаны құрады. Үй құстарынан барлығы 2430,9 (2009ж – 2283,4) мың дана жұмыртқа алынды. Жүн өндірісінің көлемі 216,2 тоннаны (2009ж - 209,4 тонна) құрады.

Білім беру. 2008-2009 оқу жылында аудан бойынша 33 мектеп, соның ішінде 22 орта, 3 негізгі, 8 бастауыш мектептерінде барлығы 4661 (2009 жылы - 4866) оқушы оқиды. Сонымен қатар ауданда №27 Кәсіптік лицей,

2 өнер мектебі, 4 бала бақша, 15 шағын орталық, 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және  Майқайың кентінде спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Майқайың кентінде орналасқан 35 орынды “Шағала” бала бақшасы тубвиражды балаларға арналған. 2010 жылы аудан бойынша 356 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның ішінде 298 түлек Бірыңғай ұлттық тесттен өтіп, аудан бойынша орташа балл 80,55 құрады, (2009 жылы орташа балл 70,1 құрады).

Аудан бюджетінде 2010 жылы 7 мектеп және 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 40895 мың теңге жоспарланып, 99,9 % игерілді. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға (компьютер, құрал-жабдықтар, сынып тақталар, жиһазбен қамтамасыз ету үшін) аудандық бюджеттен 14700,0 мың теңге бөлініп, 99,6% игерілді. Физика, химия, биология кабинеттерін жарақтандыру және лингафондық, мультимедиа кабинеттерін іске қосу мақсатында республикалық бюджеттен 19268 мың теңге қаржы қарастырылып, 100% игерілді. Сонымен қатар жаңадан іске қосылған Баянауыл ауылындағы 600 орындық мектеп интернатты ұстауға 116847,0 мың теңге (РБ - 98949 мың теңге, ЖБ – 17898 мың теңге) бөлініп отыр. 2011 жылдың 1 қаңтарында 116681,0 мың теңге (99,9%) игерілді. Ауданның мемлекеттік білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге республикалық бюджеттен 3029,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 12616,1 мың теңге, барлығы 15645,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

Сонымен қатар, Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатындағы іс-шаралар жоспары (жол картасы) бойынша барлығы 24610 мың теңге бөлінді. Оның ішінде Баянауыл ауылындағы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат гимназиясын күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджетен 8133 мың теңге, республикалық бюджеттен 16477 мың теңге бөлініп, 100% игерілді.

2010 жылы ауданның барлық  33 мектебінде ыстық және қоғамдық тамақтандыру ұйымдастырылған. Аудан бойынша ыстық тамақпен 4015

(2009 ж. - 3356) оқушы қамтылған, бұл барлық оқушылардың 86 % (2009 ж. – 71 %), соның ішінде 1159 (2009ж - 981) оқушы тегін тамақтанады. Аз қамтамасыз етілген оқушылар саны - 527. Оның барлығы 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған. 2010 жылы аудан бюджетінен жалпы біліммен қамту қорына 29000 мың (2009 ж. сәйкес кезеңінде - 25781) теңге бөлініп, 28996,9 мың теңгесі (100%) игерілді.

2009-2010 оқу жылында 8 мектепте оқушыларды мектепке тасымалдау ұйымдастырылып, барлығы 536 оқушы қамтылды. 2010 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен мектепке оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 6843,7 мың теңге бөлініп, есептік кезеңде 100% игерілді.

Аудан мектептеріндегі компьютерлер саны - 535. Оқушылардың компьютермен қамтылуы 1 компьютер 9 (2009 ж. – 15) оқушыға. Бүгінгі күні

27 мектеп Интернет жүйесіне қосылған.

2010 жылдың 30 шілдесінде Баянауыл ауылындағы жаңадан салынған мектеп-интернатта «Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығы ашылды. «Жас даурен» – оқу-педагогикалық ұйымдастыру және сауықтыру бойынша облыстық орталық және мәдени-бұқаралық, ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар өткізілетін орын. Орталық жыл бойы жұмыс істейді, бір маусымда 150 баланы қабылдайды.

2010 жылдың 30 тамызында «Балапан» бағдарламасы аясында Лекер ауылдық округінде мектепке дейінгі балаларға арналған «Бөбек» шағын орталығы салтанатты түрде бой көтерсе, желтоқсан айында Қаратомар, Қаражар ауылдарында дәл сондай шағын орталықтар ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту 87,2 пайызды (2009 ж. -62 пайызды) құрады.

Денсаулық сақтау. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілгеннен кейін жалпы аудан бойынша 64 стационарды алмастыратын, күндізгі орын ашылды. Сонымен қатар 3 жеке меншік дәріхана, ауданның дәрігерлік амбулаторияларында дәріхана пункттері жұмыс жасайды. Барлық дәрігерлік амбулаториялар арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген.

Төсек орындарымен қамтамасыз етудің көрсеткіші 10 мың адамға 60,6 тең келеді (облыс бойынша 10 мың адамға 80,1). Тегін медициналық көмек стационарда емделген науқас адамның тарифы 47024 теңгені, ал күндізгі стационарда 11240 теңгені құрайды. Ауданда орташа жан басына шаққандағы тариф 296,0 теңгені құрайды.

Аудан бойынша дәрігер мамандардың саны -34, ал орта буындағы медициналық қызметкерлердің саны -150. Кадрлармен қамтамасыз етудің көрсеткіші 10 мың адамға сәйкесінше 13,0 және 54,1 пайыздан келеді. Дәрігерлердің 55,9% және орта буындағы медициналық қызметкерлердің 46,7% біліктілік санаттары бар. Аудан бойынша жалпы тәжірибелік дәрігерлер, акушер-гинеколог және УЗД дәрігер мамандары жетіспейді.

2010 жылы Баянауыл ауылындағы 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы жұмыс жобасының жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында республикалық бюджеттен 5073,2 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде Аудандық орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге республикалық бюджеттен 13500 мың теңге бөлініп, 100 пайыз игерілді.

2010 жылы  тіркелген жұқпалы аурулар ішінде неғұрлым таралғаны жоғары тыныс жолдарының жіті респираторлық вирусты инфекция болып отыр. Осы аралықта  тыныс органдарының туберкулезі 21 рет (2009 жылы - 28) тіркелді. Жалпы  тыныс органдарының туберкулезімен ауру-сырқаулық деңгейі 100 мың адамға шаққанда 78,9 (2009 жылы–99,3) жағдайдан келеді. 2010 жылы

жоспарланған 9900 адамның орнына  12 мың 267 адам флюоротексеруден тексеруден  (2267 адам флюкар арқылы) өтті. Флюоротексеруінен өту 124 пайызды құрайды.

Аудан бойынша 2010 жылы 44 адам туберкулезге шалдыққандардың тобына тіркелген (2009 жылы -49).

Мәдениет. Ауданның мәдениет мекемелері өз жұмыстарын жыл басында дайындалған жоспарға сәйкес атқаруда. Мәдениет саласына 3 мұражай, 19 (2009ж.-15) мәдениет үйі және Баянауыл орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 36 (2009 ж-34)  кітапханасы кіреді.

Ауданның клубтық мекемелерінде 206, кітапханаларда 87, мұражайда 19 адам жұмыс істейді.

2010 жылы аудандық бюджеттен ЦЭС ауылында мәдениет үйін орналастыруға лайық ғимарат сатып алуға 600,0 мың теңге, сатып алған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 3011 мың теңге бөлінді. 2010 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ЦЭС ауылында жаңа ауылдық мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар, «Майкубен-Вест» ЖШС жаңадан ашылған ауыл клубына құны  850000 мың теңге тұратын музыкалық аппаратура мен жиһаздарды сыйға тартты. Құндыкөл ауылыңы мәдениет үйінің төбесі 1695 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Ауданның мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын ұлғайтуға жоспарланған 6358 мың теңге толығымен игерілді. Кітапханалардың кітап қорын отандық және әлемдік классиканың туындылары мен қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен толықтыруға 1200,0 мың теңге, мерзімді басылымдарға жазылуға 800,0 мың теңге қарастырылып, толық игерілді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында Баянауыл ауылындағы

С. Торайғыров атындағы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге

40245 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Тәуелсіздік мерекесін тойлау күні қайтадан ашылды.

Спорт. Аудандық бюджеттен ауыл жастары арасында спорттың әр түрінен аудандық жарыстар өткізуге 2192 мың теңге, ауданның құрама командасын облыстық спартакиадаға қатысуына, аудан шеңберінде өткізілген спорттық шараларды ұйымдастыруына 1040 мың теңге бөлінді. Барлығы 3232 мың теңге игеру жоспарланып, 100% игерілді. Сонымен қатар облыстық бюджеттен спорттық шараларды ұйымдастыруға 1000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Әлеуметтік қорғау. Кедейлікті төмендету жөніндегі бағдарлама кедейлік  деңгейін төмендету мәселелерін кешенді түрде, экономиканың дамуына, табыстың өсуіне жағдай туғызу, халықтың өнімді еңбек етуіне, сондай-ақ денсаулық сақтау және  білім беру қызметтеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау жолдарымен шешуді қарастырады.

2010 жылы аудан бойынша 206 (2009 жылы – 344) отбасына немесе

789 (2009ж. - 1368) адамға жалпы сомасы 15 млн (2009 жылы – 23040,0) мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларының саны 2009 жылмен салыстырғанда 138 отбасыға, ал алушылар саны 580 адамға азайды. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1584,28 (2009 жылы -1529,8) теңгені құрады.

Жыл басынан бері 18 жасқа толмаған балаларға арналған жәрдемақы

574 (2009 жылы - 713) отбасына немесе 1540 (2009 жылы - 1870) балаға тағайындалды, жалпы сомасы 18039,0 (2009 жылы – 19791,5) мың теңгені құрады.

Еңбекпен қамту. 2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 77

(2009 жылы - 110) адамды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 33 адамға  кеміді.

2010 жылы 250 (2009 жылы - 340) жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарланып, 279 (2009 жылы – 247) жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.

2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 250 (2009 жылы - 231) адам тартылды.

Әлеуметтік жұмысқа орналасқандардың саны-163 (2009 ж. – 121) адамды құрады.

Уақытша-маусымдық жұмыстарға 395 (2009 ж. – 400) адам бағытталды.

Жолдар. Автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін жақсарту, аудан             жолдарында автокөліктің қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар жүргізіледі.

Биыл облыстық бюджет есебінен, ұзындығы 15 шақырым Жаңажол-Ескелді аудандық маңызы бар автожолының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2010-2011 жылдарға есептелген. Жобаның жалпы құны 202600 мың теңге. Мердігер  «Ай Су Мелиорация» ЖШС болып анықталды. 2010 жылы 24908 мың теңге игеру жоспарып, 100% игерілді.

Жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2010 жылы аудандық бюджеттен 9466,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде:

Баянауыл-Угольное жолын жөндеуге -1625,0 мың теңге;

Торайғыр ауылына баратын жолды жөндеуге – 1500,0 мың теңге,

«Қарашат-Жаңатілек» бағытына – 6 млн теңге бөлінді.

Бұл жұмыстардың сметалық жобаларына 341 мың теңге қарастырылған, аталған қаржыға жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңызы бар және ауылдардың ішіндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге және қалыпты жағдайда ұстауға аудандық бюджеттен 30822,0 мың теңге қаражат бөлініп, толық  игерілді. Оның ішінде:

Майқайың кентінің ішкі жолдарына (19,2км)  - 6475 мың теңге;

Баянауыл ауылының ішкі жолдарына  - 4150,0 мың теңге;

Ақсан ауылының кіреберіс жолына (8км) - 200,0 мың теңге;

Бірлік ауылдық округінің Ақмектеп ауылының кіреберіс жолына (15,6км) -200,0 мың теңге;

Жаңатілек ауылдық округінің Мұрынтал ауылының кіреберіс жолына (18км) - 200,0 мың теңге;

Күркелі ауылдық округінің 1 Мамыр ауылының кіреберіс жолына (7км) - 100,0 мың теңге;

Күркелі-Қойтас автожолына (9,3км) - 200 мың теңге;

Күркелі-Желтау автожолына (15,4км) - 200,0 мың теңге;

Күркелі-Большевик автожолына (8,3км) - 200,0 мың теңге;

Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылының кіреберіс жолына (9,7км) -195,0 мың теңге;

Ұзынбұлақ ауылдық округіңі Ақши ауылының кіреберіс жолына (12км) -200,0 мың теңге;

Баянауыл-Угольное автожолына - 200,0 мың теңге;

Торайғыр ауылының кіреберіс жолына - 252,0 мың теңге жұмсалды.

Аудандық маңызы бар  11 бағыттағы жолдарды ұстауға (қыс айларында қардан тазалау) 6199,0 мың теңге бөлініп, игерілді.

Сонымен қатар биыл «Жол картасы» шеңберінде облыстық бюджеттен 31 млн 200 мың теңге қарастырылып, 100% игерілді.  Оның ішінде:

Баянауыл ауылының жолдарын орташа жөндеуден өткізуге – 24 млн 200 мың теңге;

Жасыбай көлінің кіреберіс жолын ағымдағы жөндеуден өткізуге – 7 млн теңге жұмсалды.

Тұрғын үй саласы. Ауданның тұрғын үй қоры 584 515 шаршы метрді құрайды. 1 адамның баспанамен қамтамасыз етілуі орта есеппен 20,1 шаршы метр. Соңғы бес жыл ішінде республикалық және облыстық бюджеттен   31,5 млн. теңге қаражат бөлінді. 2010 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге аудан бюджеті есебінен 6711 мың теңге жоспарланып, 6476 мың теңгесі (96,5%) игеріліп, 11 пәтер сатып алынды.

Сумен қамтамасыз ету. Ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы 5 жыл ішінде «Ауыз су» бағдарламасы шегінде 9 елді мекенде (Бірлік, Құндыкөл, Ақши, Жаңатілек, ЦЭС, Служон, Баянауыл, Ақсан, Қараащы) кешенді блок модульдер орнатылған сумен жабдықтау объектілері салынды. Жуантөбе, Қаратомар, Күркелі, Ұзынбұлақ ауылдарындағы су жүйесі қайта қалпына келтірілді. Большевик, Октябрь, Ақмектеп, Торайғыр, Первомай ауылдарында сумен қамтамасыз ету объектілері салынды.

Жуантөбе, Қаратомар, Ұзынбұлақ, Ақсан, Күркелі, Майқайың ауылдарында  сумен жабдықтау құбырлары бар.

Жұмыс істеп тұрған сумен жабдықтау жүйелерін қалыпты жағдайда ұстау үшін аудандық бюджет есебінен 13 млн 251 мың теңге қарастырылып, 100% игерілді.

2010 жылы республикалық бюджеттен Екібастұз-Майқайың су тартқысын қайта құру жұмыстарына 69889 мың теңге  қарастырылған, оның ішінде 4605,0 мың теңге қосымша жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге бөлінді. Жобаның жалпы құны 1 млрд 572 мың 110 теңгені құрайды. Жұмыстар 2010-2012 жылдары жүргізіледі.

Өткен жылы өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде Майқайың кентінің су құбырларын қайта құру жұмыстарына 50 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді. Жобаның жалпы құны

542 млн 171,4 мың теңгені құрайды. Жұмыстар 2010-2012 жылдары жүргізіледі. Конкурс 2010 жылдың 25 наурызында өткізіліп, нәтижесінде «Реал-Строй» ЖШС

жеңіпмаз болып анықталды.

Байланыс жүйесіне тоқталсақ, 2010 жылы ауданның телекоммуникация саласын дамытуға «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы өз қаржысы есебінен 6 млн 600 мың теңге бөлген.

Елді мекендерді телефонизациялау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында ауданда 50 адамнан асатын 39 елді мекен телефон байланысымен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні ауданда 14 автоматты телефон станциялары жұмыс істеуде, олар 3 баламалы, 11 сандық,  радионүктелі 2 «СDМА» стансасы, қолданыстағы телефон номерлерінің саны 5182 жетті.  Орнатылған телефондардың тығыздығы 100 адамға 16,4-ке жетті.

«Майкубен-Вест» кәсіпорны аумағына базалық станция орнатылып, соның арқасында Торайғыр ауылына -32, Қызылшілік ауылына – 33, Бірлік ауылына -45,           ЦЭС ауылына – 51, Шөптікөл ауылына – 28, Сұлужон ауылына – 35, Үшқұлын ауылына – 19, Майқайың кентіне – 145, Александровка ауылына -7, Сәтбаев, Ұзынбұлақ ауылдарына қосымша 82 телефон нүктелері орнатылды. Сонымен қатар спутниктік желі арқылы Ақши және Егіндібұлақ орта мектептері ИНТЕРНЕТ жүйесіне қосылды.

«СDМА» стансасы арқылы қосымша сыртқы антеннамен Күркелі ауылына - 18, Жаңатілек ауылына 12 телефон нүктелері орнатылды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы. Салық және статистика басқармаларының мәліметі бойынша аудан аумағында 1238 шағын бизнес субъектілері  (2009 жылы - 1225) тіркелген. Соның ішінде жеке кәсіпкерлер-766 (2009 ж.- 685),

заңды тұлғалар-72 (2009ж. - 83), шаруа қожалықтары -400 (2009ж.- 457).

2010 жылы 1090 (2009 жылы – 1029) шағын бизнес субъектілері нақты жұмыс істеді. 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,0 пайызға артық. Оның ішінде 650 жеке кәсіпкер, 41 заңды тұлға және 400 шаруа қожалығы. Ауданның шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 1850 адам (2009 жылы– 1956) жұмыс істейді.

2010 жылы  кәсіпкерлік субъектілерінің табыс мөлшері 852,6 млн. теңгені, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түскен түсімдер – 18,8 млн. теңгені құрады.

Құқық қорғау және тәртіп сақтау.  2010 жылдың 12 айында аудан бойынша 142 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмыс саны 9,2 пайызға өскен. Қылмыстың басты түрі ұрлық болып отыр.

Қылмыстың кейбір түрлері, оның ішінде қылмыстың ауыр түрі 1 кісі өлтіру

фактісі тіркелсе, ауыр дәрежедегі дене жарақатын  түсіру салдарынан 1 адам өлген.  102 ұрлық жасалып, өткен жылмен салыстырғанда 15,9 пайызға  көбейген. Оның ішінде пәтерден ұрлау 11,7 пайызға (17-ден 19-ға),  түрлі-түсті  металл ұрлау

400 пайызға (1-ден 5-ке), тонаушылық 100 пайызға (3-тен 6-ға), бұзақылық

66,6 пайызға (3-тен 5-ке), жол ережесін бұзу 50 пайызға өскен. 17 мал ұрлығы,

2 автокөлік ұрлығы орын алған. Жол апатының салдарынан 14 адам дене жарақатын алып, 3 адам қайтыс болған.

Жалпы қылмыстың сотталып келгендермен жасалған түрі 6-дан 12-ге, ішімдік ішкен күйінде жасалған қылмыс саны 18-ден 24-ке, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 11-ден 21-ге өсті.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың арқасында қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны былтырғы жылдың деңгейінде қалып отыр, Оның ішінде  көшелерде жасалған қылмыс саны 10-нан 8-ге азайды.

Қылмыстарды  ашу пайызы 1,5 пайызға немесе өткен  жылмен  салыстырғанда 78,5 пайыздан 80,0 пайызға жақсарды.

Қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында бүгінгі күні мемлекеттік кешенді бағдарлама әзірлену үстінде.  Бағдарлама қолданысқа  енгізілгеннен бастап, оған сәйкес аудандық бағдарлама дайындалады. Қажетті қаржы көздері қарастырылады. Бағдарлама ауданда қылмыстың алдын алуға және оны болдырмауға өз септігін тигізетініне сеніміміз мол.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес  жергілікті атқарушы биліктің ауданымыздың экономикасы мен  тұрғындардың әл-ауқатын көтеру  мақсатында жүргізіп отырған іс-шаралары жалғасын таба береді.

©2008-2017 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы