«Balalyq shaqtyn’ bal ku’ni»

Опубликовано: 03.06.2019


Балалар – бұл біздің болашағымыз. Балалар – тыныштық символы. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз. Әсіресе, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде бұл қамқорлығымыз және де арта түседі.

Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке Ж. Ағәділов атындағы орта мектепте «Балалық шақтың бал күні» атты тақырыпта атап өтілді. Мақсаты:  «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту, ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаттағы шығармашылық сайыстарда балалардың бірдей қатысуына бүкіл мүмкіндіктер қарастырылады. Концерттік бағдарламада бүлдіршіндер өлең-тақпақтар айтып, өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Балаларымен бірге ата-аналар да белсене қатысты.

Ауыл мешіті, мәдениет үйі, «Амина», «Болашақ», «Айдана» және «Қарлығаш» дүкендерінің демеушіліктерімен балаларға сый-сыяпаттар беріліп, тегін балмұздақтар таратылды. Сонымен қатар, асфальтта «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында балалар сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаз суретші бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

Осы ұйымдастырылған мерекелік сайыстар мен жарыстарға белсене қатысқан барлық балалар құралақан қалмай, тәтті сыйлықтарға ие болды.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай, енді мектебіміздің «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінде ойнап,ән салып,би билеп,білімдеріңді шыңдап демалуларына тілектеспіз!

Жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

 

 

2008-2018 © Официальный интернет-ресурс акима Баянаульского района